Ағымдағы жылғы 2 наурызда жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарына өзгерістерді көздейтін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 21 желтоқсандағы № 596 бұйрығы күшіне енді.
Экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мәселелерді реттеу, оның ішінде жарылғыш материалдарды сақтау кезінде қауіпсіздік мәселелерінде бірыңғай тәсілді қолдану мақсатында жарылғыш материалдардың қоймаларына қатысты олардың мақсаты, типі және тиесілігі бойынша талаптар ретке келтірілді.
Сондай-ақ, рұқсаттық бақылауды жүргізудің ашықтығы мақсатында лицензиаттарға қатысты біліктілік талаптарына сәйкестігіне осы бақылауды жүргізу туралы нормалар регламенттелді, сондай-ақ өндірістік-техникалық базаны жалдау шарттарының құқықтық кадастрында мемлекеттік тіркеу көзделген.