
2022 жылғы 16 наурызда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары М.Т. Танабаев Алматы қаласына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Д. Тілеубаевтың «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар және Департамент көрсеткен мемлекеттік қызметтерді талдау туралы» есебін тыңдады.
Кеңес барысында Д. Тілеубаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданған профилактикалық іс-шаралар, оның ішінде мемлекеттік инспекторларға тексерулерге шығу алдында нұсқама беру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің қатысуымен семинар-кеңестер өткізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды апта сайын талқылау туралы айтып берді.
"Департамент көрсеткен мемлекеттік қызметтерді талдау аясында мемлекеттік қызметтерді көрсетуден дәлелді бас тарту себептерінің негізділігіне ерекше назар аударылды", – деп атап өтті Д.Тілеубаев өз баяндамасында.
М.Т. Танабаев мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтау туралы, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік іс-әрекетті жүзеге асыру барысында белгісіз тұлғалардан сыйлықтар, ақша аударымдарын алу кезіндегі жауапкершілігі туралы түсіндірді және мыналарды:
- кәсіпкерлік субъектілерін тексеру, техникалық куәландыру, қауіпті техникалық құрылғыларды қабылдау сынақтарын жүргізу кезінде, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік инспекторлардың іс-әрекеттеріне бақылауды күшейтуді;
- «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Алматы қаласы бойынша Департаментінің 2022 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл іс-шаралар жоспарында» көзделген іс-шараларды уақтылы орындауды ұсынды.