
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары 2022 жылғы 14 ақпаннан 1 наурызға дейінгі кезеңде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексеру кестесіне сәйкес бірінші жартыжылдыққа «NASAR SOLUTIONS» ЖШС қауіпті өндірістік объектілері мен техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.
Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі қалдықтарды термодесорбциялық, электрохимиялық, плазмалық-каталитикалық және аралас әдістермен өңдеу болып табылады.
Тексеру барысында 7 объект (қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар, газ шаруашылығы және газбен жабдықтау жүйелерінің объектілері) тексерілді, 11 өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзушылық анықталды. Мемлекеттік инспекторлар анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берді және ҚР ӘҚБтК-нің 298-бабының 1-бөлігі және ҚР ӘҚБтК-нің 306-бабының 4-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жазалар салынды.
Тексеру қортындысы бойынша кәсіпорын басшылығымен және қызыметкерлермен кеңес өткізіліп, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралып, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы, оның ішінде «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары», «Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптары» түсіндірілді.