«СТК-Forfait» ЖШС тексеру нәтижелері

«СТК-Forfait» ЖШС тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары 2022 жылғы 21 ақпан мен 9 наурыз аралығындағы 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған тексерулер кестесіне сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша «СТК-Forfait» ЖШС қауіпті өндірістік объектілері мен қауіпті техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.

Тексеру барысында 22 объект (автомобиль крандары, көтергіш мұнаралар, газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін қазандар) тексерілді, 11 өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзушылық анықталды. Мемлекеттік инспекторлар анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берді және ҚР ӘҚБтК-нің 298-бабының 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын басшылығымен және қызметкерлерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде: «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары», «Компрессорлық станциялардың пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары», «Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары» және «Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптар» түсіндірілді.