Ақтөбе облысында Бизнестің проблемалық мәселелері қаралды

Ақтөбе облысында Бизнестің проблемалық мәселелері қаралды

2022 жылғы 2 наурызда «Атамекен» Қазақстан Республикасы ҰКП Өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілі Н. Махамбетовтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары С.С. Таждавлетовтың, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтөбе облысы ТЖД АІЖК бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Е. В. Овчарскийдің, «Ново-Альджанский мелькомбинат» ЖШС бас директоры К.М. Наурызгалиеваның және кәсіпорынның заңгерінің қатысуымен дөңгелек үстел жұмысы өткізілді.

Кеңес барысында кәсіпорын өкілдері көтеріп отырған өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздікті аттестаттаудан өтуді қамтамасыз ету бойынша рәсімдерді және жалпы режимді оңайлату және аварияларды жою жоспарын бекіту және келісу бойынша талаптарды оңайлату мәселелері, сондай-ақ авариялық-құтқару және өртке қарсы қызмет көрсететін компаниялар мәселелері бойынша проблемалар талқыланды.

Осы мәселелерді шешу мақсатында кәсіпорын өкілдеріне тиісінше ұсынымдар берілді, оның ішінде объектілік авариялық-құтқару және мемлекеттік емес өртке қарсы қызметті құру бойынша ұсынымдар берілді.