«ЕРАП және ЕРСОП тексеру жүргізу актілерін ұсыну тәртібі» семинар-кеңесі

«ЕРАП және ЕРСОП тексеру жүргізу актілерін ұсыну тәртібі» семинар-кеңесі

2022 жылғы 3 наурызда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Т.Т. Байзақовтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жамбыл облысы бойынша басқармасының аға прокурорыА. Әлімжановтың қатысуымен «ЕРАП және ЕРСОП тексерулер жүргізу актілерін ұсыну тәртібі» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.

Семинар барысында А. Алимжанов ЕРАП және ЕРСОП жүйелерімен жұмыс кезінде тексеру нәтижелерінің актілерін және нұсқамаларды электрондық түрде толтыру, айыппұл салу кезінде планшеттерді пайдалана отырып, электрондық ресімдеу және олар бойынша есептілік туралы, сондай-ақ тексерулерді тіркеу кезінде қателіктерге жол бермеу бойынша түсіндіру жұмысын жүргізді.

Семинар соңында Департамент қызметкерлері мен аға прокурор арасында пікір алмасу болды.