«Жол қозғалысы ережелерін сақтау» семинар-кеңесі

«Жол қозғалысы ережелерін сақтау» семинар-кеңесі

2022 жылғы 2 наурызда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Т.Т. Байзақовтың төрағалығымен «Жол қозғалысы ережелерін сақтау» тақырыбында Тараз қаласы полиция басқармасының қоғамдық тәртіпті қорғау және жергілікті полиция қызметінің жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімшесінің бастығы, полиция капитаны И. Газиевтің қатысуымен семинар-кеңес өткізілді.

Семинар барысында полиция капитаны И.Газиев Департаменттің жеке құрамын заңнамадағы өзгерістер, бағдаршамдар жөнінде, жол қозғалысына қатысушылардың, оның ішінде жаяу жүргіншілер мен мектептер жанындағы оқушылардың қауіпсіздігі мақсатында құқықтық тәртіп пен ЖҚЕ сақтаудың маңыздылығын хабардар етті.

Кеңес барысында Департамент қызметкерлері мен полиция капитаны арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, пікір алмасты.