«СуффлеҚазақстан уыт зауыты» АҚ тексеру нәтижелері

«СуффлеҚазақстан уыт зауыты» АҚ тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары 2022 жылғы 15-25 ақпан аралығында 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған тексеру кестесіне сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша «СуффлеҚазақстан уыт зауыты» АҚ-ның қауіпті өндірістік объектілеріне тексеру жүргізді. Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі уыт өндіру болып табылады.

Тексеру барысында келесі объектілер тексерілді: элеватор, қоймалар, қысыммен жұмыс істейтін жабдықтар, жүк көтергіш механизмдер және жанар-жағармай материалдарын сақтау базасы. Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының 10 бұзушылықтары анықталды. Мемлекеттік инспекторлар анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берді және ҚР ӘҚБтК-нің 298-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салды.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын басшылығымен және қызметкерлерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы түсіндірілді.