«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу профилактикасы» семинар-кеңесі

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу профилактикасы» семинар-кеңесі

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Ж.Балгабаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы Р.Ғ: Тұраровтың қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу профилактикасы» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.

Кеңес барысында Р.Ғ. Тұраров Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасымен таныстырды, мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін атап өтті және Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізілген жаңа талаптар туралы айтты.

Кеңес қорытындысы бойынша:

- Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының нормаларын қатаң сақтау;

- заңнамада тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарды жасауға жол бермеу;

- азаматтар мен әріптестерге қатысты дөрекі мінез-құлыққа жол бермеу ұсынылды.