«Энерго-РЭМ» ЖШС тексеру нәтижелері

«Энерго-РЭМ» ЖШС тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары 2022 жылдың 16-28 ақпан аралығында аралығында 2022 жылғы бірінші жартыжылдығына арналған тексеру кестесіне сәйкес, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша «Энерго-РЭМ» ЖШС-нің қауіпті техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.

Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі Қазақстан Республикасы бойынша электр беру желілерін монтаждау, демонтаждау болып табылады.

Тексеру барысында жебелі өздігінен жүретін кран мен көпірлі кран тексерілді, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының 4 бұзылуы анықталды. Инспекторлар анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берді және ҚР ӘҚБтК-нің 298-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын басшылығымен және қызметкерлерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде «Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары» түсіндірілді.