«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» семинар-кеңесі

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» семинар-кеңесі

2022 жылғы 10 наурызда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Т. Байзақовтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) қызметкері А. Әжібаевтың қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.

Кеңес барысында А.Әжібаев Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасымен таныстырды, мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін атап өтті және Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізілген жаңа талаптар туралы айтты.

Кеңес қорытындысы бойынша:

- Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының нормаларын қатаң сақтау;

- заңнамада тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарды жасауға жол бермеу;

- азаматтар мен әріптестерге қатысты дөрекі мінез-құлыққа жол бермеу ұсынылды.