«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (KEGOC) АҚ» Батыс жүйеаралық электр тораптары» филиалының тексеру нәтижелері

«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (KEGOC) АҚ» Батыс жүйеаралық электр тораптары» филиалының тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары 2022 жылдың 07 мен 23 ақпан аралығында 2022 жылғы бірінші жартыжылдығына арналған тексеру кестесіне сәйкес, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (KEGOC) Акционерлік қоғамының» Батыс жүйеаралық электр тораптары» филиалының қауіпті техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.

Тексеру барысында 6 объект (5 жүк көтергіш механизмдер және 1 қазандық контейнер) тексеріліп, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының 18 бұзушылықтары анықталды. Инспекторлар анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берді және ҚР ӘҚБтК-нің 298-бабының 1-бөлігі және 306-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік айыппұлдар салынды.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын басшылығымен және қызметкерлерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы, оның ішінде «Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету ережесі» және «Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптары» түсіндірілді.