
2022 жылғы 15 ақпанда «Рапид» ЖШС-де Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары «Азаматтық қорғау туралы» ҚР Заңының 81-бабына сәйкес КӘАҚҚ авариялық-құтқару қызметімен және кәсіпорын басшылығымен бірлесіп оқу дабылын жариялады.
Әзірленген оқу дабылын өткізудің жедел жоспарына сәйкес шахтаның диспетчерлік пунктіне өрт туралы ақпарат келіп түсті: К12 ПК-180 конвейерлік еңісі, 1Л-80№7 конвейердің ленталық төсемінің, күштік кабельдердің және көмір алабының жануы. Оқу дабылы жарияланған сәтте шахтада 50 қызметкер болды, КӘАҚҚ бөлімшесінің тікелей байланысы бойынша шақырылды, ИГАС (дауыс зорайтқыш авариялық байланыс көзі) бойынша хабарландыру жүргізілді, К12 көлбеу желдеткіш оқпаны бойынша барлық адамдардың жер бетіне шығарылды, аварияларды жою жоспарында жұмылдырылған шахта жұмыскерлері ұнтақты өрт сөндіргіштердің көмегімен өртті сөндіруге кірісті.
Оқу дабылының мақсаты объектінің дайындығын, персоналдың қосалқы шығу жолдарын білуін, өрт сөндіру құралдарын пайдалана білуін, алғашқы медициналық көмек көрсете білуін бағалау және тексеру, сондай-ақ бөлімшелердің жауынгерлік дайындығын және авариялық-құтқару қызметінің жауынгерлік есептоптарының авария орнына уақтылы келуін тексеру болып табылады.
Жалпы, құтқарушылар мен кәсіпорын қызметкерлерінің барлық іс-әрекеттері апатты жою жоспарына сәйкес келді. Алайда, Департаменттің мемлекеттік инспекторлары телефон байланысы жай-күйінің ақаулығы (№3-11), командалық пунктте келіссөздерді электрондық тасығыштарда тіркей отырып, бақылау жазбасы бойынша аспаптың ақаулығы, нақты сыртқы ауаның ағуы есептік мәндерден едәуір асып түсу сияқты кемшіліктерді анықтады.
Департамент жоғарыда аталған кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар берді.