
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің инспекторлары 2022 жылғы 15 ақпаннан 24 ақпанға дейінгі кезеңде «Арал Газ» ЖШС қауіпті өндірістік объектілерінің ерекше тәртібі бойынша тексеру жүргізді.
Тексеру барысында 4 объект (газ толтыру пункті және 3 автогаз құю станциясы) тексерілді, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының 9 бұзушылықтары анықталды. Инспекторлар анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берді және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 298-бабының бірінші бөлігі бойынша әкімшілік айыппұл салды.
Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын басшылығымен және қызметкерлерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ автогаз құю станцияларында тұрмыстық баллондарды құюға жол бермеу туралы алдын алу жұмыстары жүргізілді.