«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын сақтау» семинар-кеңесі

«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын сақтау» семинар-кеңесі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті нығайту мақсатында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Солтүстік-Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы А.Қ. Молдағұловтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Солтүстік-Қазақстан облысы бойынша департаментінің өкілі С. Н. Зайцеваның қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі нормаларын сақтау» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.

С.Н. Зайцева Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының қабылданған тұжырымдамасының негізгі бағыттарымен таныстырды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау қажеттілігін, сондай-ақ қоғамда «сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру және профилактикалық жұмыстың маңыздылығын атап өтті.

Кеңес қорытындысы бойынша:

- Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының нормаларын қатаң сақтау;

- заңнамада тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарды жасауға жол бермеу;

- азаматтар мен әріптестерге қатысты дөрекі мінез-құлыққа жол бермеу ұсынылды.