«Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы» семинар-кеңес

«Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы» семинар-кеңес

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Б.Е. Жұмабаевтың төрағалығымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің өкілі А.Е. Сақтапбергеновтың қатысуымен «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.

А.Е. Сақтапбергенов 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасымен таныстырды, мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және ұйымдарда комплайн-офицерлер қызметін құру мүмкіндігін атап өтті.

Семинар-кеңес барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылық жасаған тұлғаларға қатысты бейнероликтер көрсетілді.

Семинар-кеңесті қорытындылай келе төмендегілер ұсынылды:

- өз іс-әрекеттерімен және мінез-құлқына бола қоғам тарапынан сынға себеп бермеу;

- сын үшін қудалауға жол бермеу;

- кемшіліктерді жою және өз қызметін жақсарту үшін сындарлы сынды пайдалану;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау.