Мұнара кранының құлау дерегі бойынша алдын ала ақпарат

Мұнара кранының құлау дерегі бойынша алдын ала ақпарат

2022 жылғы 18 ақпанда сағат 17:07-де Нұр-Сұлтан қаласының аумағында, Есіл ауданы, Тұран даңғылы 89/А мекенжайы бойынша салынып жатқан объектінің аумағында QTZ 100 мұнара кранының (2013 жылы шығарылған) секциясы сынған. Бұл кранның құлауына әкеп соқты. Соның салдарынан 1970 жылы туған краншы алған жарақаттарынан қайтыс болды.

ҚР ТЖМ ӨҚК департаментінің инспекторларымен куәгерлерден сауалнама жүргізілді, бақылау камераларынан бейнежазбалар алынды және аварияны тексеру жөніндегі комиссия құрылды. Комиссия құрамына ҚР ТЖМ ӨҚКД, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің және мүдделі тұлғалардың өкілдері кіреді.

Аварияны тергеп-тексеру нәтижелері бойынша мұнара кранының құлауының себептері мен мән-жайлары айқындалатын болады, сондай-ақ егжей-тегжейлі ақпарат ұсынылатын болады.

 

ҚР ТЖМ Өнеркәсіпті қауіпсіздік комитеті