
Романов Евгений Евгеньевич 1950 жылы 11 тамызда Қазан қаласында дүниеге келген.
1967 жылдан 1972 жылға дейін С.М. Киров атындағы Қазан химия–технологиялық институтында оқыды.
Қазан химия-технологиялық институтын бітіргеннен кейін, 1973 жылдан бастап Маңғыстау облысының Ақтау қаласындағы ірі кәсіпорындарда, атап айтқанда: Каспий маңы тау-кен металлургия комбинатында және КСРО-ның 60 жылдығы атындағы «Маңғышлақ атом энергокомбинаты» РМК-да жұмыс істеді.
Еңбек жолын 1973 жылы Каспий маңы тау-кен металлургия комбинатында азот-түк зауытының «Аммиак-200» цехының желдету және сантехника жөніндегі шебері лауазымында бастады. Әрі қарай, 1989 жылға дейін: жабдықтарды орталықтандырылған жөндеу учаскесінің шебері; жабдықтарды орталықтандырылған жөндеудің аға шебері; «Аммиак-200» цехының Турбо-поршеньді компрессия бөлімшесінің механигі; азот-тук зауытының технадзоры тобының жетекшісі қызметтерін атқарды.
1989 жылы №147 азот-түк зауыты кәсіподағының Топкомының төрағасы болып бірауыздан сайланды.
1989 жылдан 1993 жылға дейін Каспий маңы тау-кен металлургия комбинатының техникалық қадағалау тобын басқарды, кейін азот-тук зауытының «Аммиак-200» цехына механик болып ауыстырылды.
1993 жылдың маусымынан 1994 жылдың наурызына дейін Ақтау қаласының «Таркус» шағын кәсіпорнының бас инженері болып жұмыс істеді.
1994 жылдың наурыз айынан 1995 жылдың қаңтар айына дейін «Ақтау қаласының. «Оңтүстік-Батыс сауда-өнеркәсіп компаниясы» ЖШС-де бас инженері болып жұмыс істеді.
1995 жылғы ақпаннан 1998 жылғы сәуір аралығында «Маңғышлақ атом энергокомбинаты» РМК еңбекті қорғау және химиялық өндірістің қазандық қадағалау жабдығы бөлімінің бастығы лауазымында жұмыс істеді.
1998 жылдан 2008 жылға дейін «Атом-энергетика кешенінде жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуін қадағалау жөніндегі облысаралық мемлекеттік инспекция» мемлекеттік мекемесінің Ақтау өңірлік тау-техникалық инспекциясы бастығының орынбасары, содан кейін бастығы болып жұмыс істеді.
Еңбек жолын бастаған Е. Е. Романов өндірістегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерімен байланысты болды. Терең білімге және ұйымдастырушылық қабілетке ие болды. Ол басқаратын Ақтау РМТИ тұрақтылығымен ерекшеленіп және ұжым жоғары білікті мамандардан құрылды. Е. Е. Романовтың басқару кезінде Инспекция қадағалаудағы кәсіпорындардың басшыларына еңбекті қорғауды басқару жүйесінің тиімді жұмыс істеуін, өндірістің өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ведомстволық техникалық қадағалауды ұйымдастыру бойынша жоғары талаптарды сақтап қалды. Сонымен қатар, бұрынғы Каспий маңы тау-кен химиялық комбинаты мен жұмыс істеп тұрған «Маңғышлақ атом энергокомбинаты» ЖШС РМК-ның улы және аса қауіпті зиянды заттарды кәдеге жарату, «МАЭК» ЖШС РМК-ға БН-350 пайдаланудан шығару қауіпсіздігі жөніндегі мәселелерді шешті.
2008 жылы қайта ұйымдастырылуына байланысты Ақтау өңірлік тау-кен техникалық инспекциясы Қазақстан Республикасы ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ТЖ Мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының құрамына енгізілді, онда Е. Е. Романов атом – энергетика кешеніндегі жұмыстардың жүргізілуін бақылау бөлімінің бастығы болып тағайындалды.
Ақтау қаласындағы қауіпті өндірістердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан зор үлесі үшін және «Атом-энергетика кешеніндегі жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуін қадағалау жөніндегі облысаралық мемлекеттік инспекция» мемлекеттік мекемесінің құрылғанына 10 жыл толуына байланысты Евгений Евгеньевич Романов «Еңбек даңқы» белгісімен марапатталды.
Өкінішке орай, 28 қаңтарға қараған түні Евгений Евгеньевич Романов өмірден озды.
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің, ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаменттерінің, сондай-ақ Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ұжымы Евгений Евгеньевич Романовтың өмірден озуына байланысты марқұмның жұбайы мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады.