Қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі Үкіметтік сағат

Қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі Үкіметтік сағат

12 қарашада Үкімет сағатында "Қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету: талдау, болжамдар мен ұсыныстар" тақырыбында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин баяндама жасады.

Министрлік қызметінің маңызды бағыттарының бірі-техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жүйесі азаматтардың және қоршаған ортаның қауіпсіздігіне қатер төндіретін тау-кен, металлургия, мұнай-газ өндіру, мұнай-химия, химия және өнеркәсіптің басқа да салаларындағы техногендік авариялардың алдын алуға бағытталған.

Министр өз сөзінде төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі жұмыс жалғастырылатынын және өнеркәсіптік объектілерде авариялардың туындау тәуекелдерін төмендету үшін қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздіктің тиісті деңгейін қамтамасыз етуге бағытталатынын атап өтті.