ҚР ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) терроризм актісін жасау қаупі туындаған кезде оқу (профилактикалық) іс-шараларын өткізудің бекітілген кестесіне сәйкес департамент қызметкерлеріне террористік актілердің және басқа да төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша өткізілетін іс-шаралар туралы түсіндіре отырып, оқу сабақтарын өткізді. Сонымен қатар, сабақ барысында қызметкерлер мінез-құлықтың негізгі ережелерімен, сондай-ақ Департамент аумағында террористік акт қаупі кезіндегі іс-қимыл алгоритмімен танысты.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысының террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарының нормаларына сәйкес, департамент қызметкерлері арасында бастапқы ден қою дағдыларын үйрету мақсатында кестеге сәйкес ай сайынғы негізде нұсқаулықтар мен сабақтар түрінде оқу (профилактикалық) іс-шараларын өткізу жоспарланған. Бұл ретте Департамент қызметкерлерінің нұсқамалық түрінде оқу сабағынан өтуі міндетті түрде терроризмге қарсы дайындық бойынша оқу іс-шараларын есепке алу журналында көрсетіледі.