Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласындағы қазандықтың жарылуы

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласындағы қазандықтың жарылуы

2021 жылдың 05 қараша күні сағат 08: 30-да Қаскелең қаласы, Қарасай ауданы, Достық көшесі, 4 үй, "ROSTOK FOOD (РОСТОК ФУД)" ЖШС-не тиесілі жемістер мен көкөністерді қайта өңдеу және консервілеу цехының аумағында бу қазандығының жарылысы орын алып, кейіннен тұтанусыз шатыры ішінара құлады.

Жарылыс салдарынан екі қызметкер Б. Урекеева 1960 ж. т. және Н. Қуатов 1994 ж. т. қайтыс болды.

Оқиға орнына жедел түрде Департаменттің қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында жіберілді.

Департаментте қауіпті техникалық құрылғылар "ROSTOK FOOD (РОСТОК ФУД)" ЖШС үшін тіркелмеген.

ҚР "Азаматтық қорғау туралы" 11.04.2014 ж. №188-V ҚРЗ Заңының 84 бабына сәйкес аварияларға тексеру жүргізу бойынша комиссия құрылды.

Апаттың нақты жағдайлары мен себептері тергеу барысында анықталады.