Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Қарағанды департаментінің инспекторлары "Шахтинсктеплоэнерго" ЖШС қауіпті өндірістік объектілеріне бұрын берілген нұсқаманы жою тұрғысынан жоспардан тыс тексеру жүргізді.
Тексеру қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптарын 3 өрескел бұзушылықтың орындалмауы анықталды. Инспекторлар заңды тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін материалдарды мамандандырылған сотқа жіберді.