
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды департаментінің инспекторлары "АрселорМиттал Теміртау"АҚ Көмір департаментінің Т.Күзембаев атындағы шахтасындағы қауіпті өндірістік объектілерге тексеру жүргізді.
Тексеру қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптарын 219 бұзушылық анықталды. Инспекторлар анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым жасап, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 298-бабының бірінші бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады.
Адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын өрескел бұзғаны үшін Б-2000 көтергіш машинасын пайдалануды тоқтата тұру және К10 қаттық горизонтының 3 рельстік еңісі бойынша жүктерді түсіру және көтеру туралы акт жасалып, материалдар Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жолданды.