
Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің мұнай - газ өнеркәсібіндегі мемлекеттік қадағалау басқарма басшысы М.К. Назаралиевтың төрағалығымен Атырау, Манғыстау, Қызылорда, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облысы департаменттерінің басшылары және Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департамент қызметкерлердің қатысуымен Департамент қызметінің мәселелері бойынша кеңес өткізілді.
Кеңес барысында келесі мәселелер талқыланды:
- Департаменттерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізілетін жұмыстар;
- Департамент қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі талаптарын сақтау;
- Мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру;
- Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік қызмет көрсету.