"Альянс МТС" ЖШС тексеру нәтижелері

"Альянс МТС" ЖШС тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаментінің Нұр-сұлтан қаласының инспекторлары "Альянс МТС" ЖШС қауіпті өндірістік объектілеріне тексеру жүргізді.

Тексеру барысында автоклавтар, бу қазандары, стационарлық компрессорлық станциялар, жүк көтергіш механизмдер, қауіпті заттарды сақтау және пайдалану орындары, ғимараттар мен құрылыстар тексерілді.

Тексеру қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталды. Инспекторлар анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым жасап, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 298-бабының бірінші бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады.