Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаментінің Солтүстік Қазақстан облысының инспекторлары "Bio Operations"ЖШС қауіпті өндірістік объектілеріне тексеру жүргізді.
Тексеру барысында Өсімдік шикізатын сақтау және қайта өңдеу, мұнай өнімдерін сақтау, қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды және жүк көтергіш механизмдерді пайдалану объектілері тексерілді.
Тексеру қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталды. Инспекторлар анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым жасап, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 298-бабының бірінші бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады.