Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Қостанай департаментінің инспекторлары "ССКӨБ"АҚ қауіпті өндірістік объектілеріне тексеру жүргізді.
Тексеру барысында "Соколов" шахтасы, Сарыбай тау-кен өндіру цехы, Қоржынкөл тау-кен өндіру цехы, тау-кен теміржол көлігі цехы, автокөлік цехы, жол шаруашылығы мен құрылыстар цехы, бұрғылау және жарылыс жұмыстары цехы, компрессорлық станциялар, қауіпті техникалық құрылғылар, оның ішінде пайдалану мерзімі өтіп кеткен құрылғылар тексерілді.
Тексеру қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптарын 113 бұзушылық анықталды. Инспекторлар анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым жасап, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 298-бабының бірінші бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады.