Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Атырау департаментінің инспекторлары "Атыраумұнай" ЖШС қауіпті өндірістік объектілеріне тексеру жүргізді.
"Атыраумұнай" ЖШС-нің қызметі "Дараймола" кен орнын игеру және пайдалану болып табылады, оны игеру 1998 жылы басталды.
Тексеру қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының бірқатар бұзушылықтары анықталды. Инспекторлар анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым жасап, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 298-бабының бірінші бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады.