
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Атырау департаментінің инспекторлары "Қазтехмұнайсервис" ЖШС қауіпті өндірістік объектілеріне тексеру жүргізді.
"Қазтехмұнайсервис" ЖШС қызметінің негізгі түрі ұңғымалардың ағындарын күрделі жөндеу және қарқындату, Мұнай және газ ұңғымаларын гидродинамикалық зерттеу болып табылады.
Тексеру қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының бірқатар бұзушылықтары анықталды. Инспекторлар анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым жасап, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 298-бабының бірінші бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады.