Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Атырау департаментінің инспекторлары Атырау облысы Жылыой ауданының Теңіз кен орнында орналасқан "Kaz M-I" ЖШС қауіпті өндірістік объектілеріне тексеру жүргізді..
"Каz М-I" ЖШС 2008 жылы құрылған. Қызметінің негізгі бағыттары бұрғылау ерітінділерін өндіру және сату, бұрғылау қалдықтарын қайта өңдеу, мұнай кәсіпшілігіне реагенттер мен құбыр қоспаларын жеткізу, ұңғыма оқпанын механикалық тазалауға арналған құралдарды жеткізу және мұнай өндіруші компаниялардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін басқа да инженерлік, техникалық және сервистік қызметтер болып табылады.
Тексеру қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптарын 13 бұзушылық анықталды. Инспекторлар анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым жасап, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 298-бабының бірінші бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады.