"Теміртау электрометаллургиялық комбинаты"АҚ тексеру нәтижелері

"Теміртау электрометаллургиялық комбинаты"АҚ тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды департаментінің инспекторлары ағымдағы жылдың 4-19 қазан аралығында "Теміртау электрометаллургиялық комбинаты"АҚ ерекше тәртібі бойынша тексеру жүргізді.

Тексеру объектілері қауіпті өндірістік объектілер және цехтардағы техникалық құрылғылар болды: ферроқорытпалар мен кальций карбидін өндіру цехы, әк өндіру цехы, Металлургиялық жабдықтарды жөндеу цехының құю учаскесі, Орталық зауыт зертханасы, азот-оттегі цехы.

Тексеру қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталды. Инспекторлар анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым жасап, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 298-бабының бірінші бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады.