"АВТОГАЗ ТРЕЙД" ЖШС автомобильге газ құю станциясын қабылдау сынақтары

"АВТОГАЗ ТРЕЙД" ЖШС автомобильге газ құю станциясын қабылдау сынақтары

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау департаментінің инспекторлары "Oil Services Company" ЖШС қауіпті өндірістік объектілеріне тексеру жүргізді.

"Oil Services Company" ЖШС қызметі мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау, мұнай және газ өндіруге қосалқы қызмет түрлері болып табылады. Кәсіпорын 2001 жылдан бастап Маңғыстау облысының "Жетібай", "Южный - Жетібай", "Қаламқас", "Асар", "Бұрмаша", "Оймаша", "Айрантақыр", "Аққар" кен орындарында жұмыс істейді.

Тексеру қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптарын 131 бұзушылық анықталды. Инспекторлар анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым жасап, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 298-бабының бірінші бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады.