"АВТОГАЗ ТРЕЙД" ЖШС автомобильге газ құю станциясын қабылдау сынақтары

"АВТОГАЗ ТРЕЙД" ЖШС автомобильге газ құю станциясын қабылдау сынақтары

Нұр-сұлтан қаласы бойынша Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаментінің инспекторлары "АВТОГАЗ ТРЕЙД"ЖШС автомобильге газ құю станциясын пайдалануға беру алдында қабылдау сынақтарына қатысты.

Қабылдау сынақтары барысында қысыммен жұмыс істейтін ыдысты сыртқы, ішкі тексеру және пневматикалық сынау, АГҚС қондырғысының жобаға сәйкестігі, жерге қосу және найзағайдан қорғау құралдарының жарамдылығы, қосылыстардың герметикалығы жүргізілді.

"АВТОГАЗ ТРЕЙД" ЖШС өкілдеріне заңнама талаптарын сақтау және орындау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.