
Нұр-сұлтан қаласы бойынша Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаментінің инспекторлары "Қазақстан ASELSAN Инжиниринг"ЖШС стационарлық компрессорлық станциясын пайдалануға беру алдында қабылдау сынақтарына қатысты.
Қабылдау сынақтары барысында ресивер мен құбыржолдар қосылыстарының тығыз еместігі, белгіленген манометрлер мен ұйымдастыру құжаттамасының өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкессіздігі анықталды.
"Қазақстан ASELSAN Инжиниринг" ЖШС өкілдеріне заңнама талаптарын сақтау және орындау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.