Газ тұтыну жүйелері мен газ жабдығын қауіпсіз пайдалану талаптарын сақтау

Газ тұтыну жүйелері мен газ жабдығын қауіпсіз пайдалану талаптарын сақтау

Маңғыстау облысы бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері Мұнайлы ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің өкілдерімен, Мұнайлы ауданының әкімімен және әкімдік қызметкерлерімен, сондай-ақ "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ өкілдерінің қатысуымен Мұнайлы ауданының Қызылтөбе ауылының тұрғындарына газ тұтыну жүйелері мен газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, ауылдың әрбір тұрғынына газды қауіпсіз пайдалану жөнінде жадынамалар таратылды.