
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Нұр-сұлтан қаласы бойынша департаментінің өкілдері "Магнатэк Сервис" ЖШС мұнай базасының аумағында оқу дабылын және аварияға қарсы жаттығуды өткізуге қатысты.
Жаттығуды өткізу барысында авариялық-құтқару қызметі персоналы мен бөлімшелерінің іс-қимылдары, авария кезінде пайдалануға жататын техникалық құралдардың жай-күйі, олардың дұрыс қолданылуы, қосалқы шығу жолдарының жай-күйі бағаланды.