"М-Техсервис" ЖШС ҚМ тексеру нәтижелері

"М-Техсервис" ЖШС ҚМ тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Маңғыстау департаментінің инспекторлары "М-Техсервис"ЖШС ҚМ қауіпті өндірістік объектілеріне тексеру жүргізді.

"М-Техсервис" ЖШС ҚМ қызметі мұнай және табиғи газ өндіру кезінде техникалық қолдау көрсету болып табылады. Кәсіпорын Маңғыстау облысында орналасқан "Солтүстік Бозашы" және "Жетібай" кен орындарында жұмыстар жүргізеді.

Тексеру қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптарын 19 бұзушылық анықталды. Инспекторлар анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым жасап, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 298-бабының бірінші бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады.