"ССКӨБ" АҚ ЖЭО және "ССКӨБ"АҚ ТБТК тексеру нәтижелері

"ССКӨБ" АҚ ЖЭО және "ССКӨБ"АҚ ТБТК тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Қостанай департаментінің инспекторлары "ССКӨБ" АҚ ЖЭО және "ССКӨБ"АҚ ТБТК қауіпті өндірістік объектілеріне тексеру жүргізді.

"ССКӨБ" АҚ ЖЭО қызметі Рудный қаласын және қаланың өнеркәсіптік кәсіпорындарын жылумен жабдықтау, сондай-ақ электр энергиясын өндіру болып табылады.

"ССКӨБ" АҚ ОТБ қызметі кәсіпорынның технологиялық жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету болып табылады.

Тексеру қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптарын 37 бұзушылық анықталды. Инспекторлар анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым жасап, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 298-бабының бірінші бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады.