
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Атырау департаментінің инспекторлары "ҚазТрансГаз Аймақ"АҚ Атырау өндірістік филиалының қауіпті өндірістік объектілеріне тексеру жүргізді.
Аталған компания Атырау облысының халқын тауарлық газбен қамтамасыз ету жөніндегі газ тарату ұйымы болып табылады, кентаралық газ құбырлары арқылы елді мекендерге дейін тасымалдайды, төмен, орташа және жоғары қысымды газ құбырларын, сондай-ақ оларда орналасқан газ жабдықтарын пайдаланады.
Кәсіпорынның өнеркәсіптік объектілерінде мынадай қауіпті өндірістік объектілер бар: өзара байланысты құрылыстар кешені, АГТС, газ құбырларының желілік бөлігі, газ тарату станциялары, газ құбырларының құрамдас элементтері.
Тексеру қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталды. Инспекторлар анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым жасап, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 298-бабының бірінші бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады.