«ҚоЖан» АҚ тексеру нәтижелері

«ҚоЖан» АҚ тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Атырау департаментінің инспекторлары Атырау облысы Жылыой ауданының Теңіз, Огай кен орындарында орналасқан "ҚоЖан" АҚ қауіпті өндірістік объектілеріне тексеру жүргізді..

"ҚоЖан" АҚ қызметінің негізгі түрі Атырау облысының кен орындарында көмірсутектерді барлау және өндіру болып табылады.

Тексеру қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталды. Инспекторлар анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым жасап, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 298-бабының бірінші бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады.