
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Атырау департаментінің инспекторлары Жылыой ауданының Қара-Арна, Көк-Арна, Қаратон ПСН кен орындарында және Атырау облысы Қызылқоға ауданының Матин кен орнында орналасқан "Матен Петролеум" ЖШС қауіпті өндірістік объектілеріне тексеру жүргізді.
Компания қызметінің негізгі түрлері мұнай, газ және газ конденсатты кен орындарын пайдалану және игеру; мұнай мен газды өндіру, қабаттық қысымды (ППД) ұстап тұру, жинау, ішкі кәсіпшілік тасымалдау; мұнай мен газды дайындау және өңдеу, мұнай өнімдері мен мұнай-химия өнімдерін өндіру мен өткізуді қоса алғанда, шикізат пен қайта өңдеу өнімдерін өткізу; мұнайға, газ бен суға іздеу, барлау, құрылымдық және пайдалану ұңғымаларын бұрғылау, оларды консервациялау және жою болып табылады.
Тексеру қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталды. Инспекторлар анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым жасап, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 298-бабының бірінші бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады.