
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Атырау департаментінің инспекторлары Атырау облысының Жылыой ауданындағы Айранкөл кен орнында орналасқан "Нефтестройсервис" АҚ-ның қауіпті өндірістік объектілеріне тексеру жүргізді.
Каспий Мұнайы - Каспий өңірінде жұмыс істейтін жетекші мұнай өндіруші компаниялардың бірі, ол 1997 жылдан бастап жер қойнауын кешенді зерттеумен, бөлінген алаңда көмірсутек шикізатын іздеумен, барлаумен және өндірумен, тауарлық мұнайды сақтаумен және экспорттық өткізумен айналысады. Компания өзінің құрылған уақытынан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретті органымен жасалған лицензияға және келісімшартқа сәйкес іздестіру-барлау жұмыстарын жүргізеді. Өткен жылдар ішінде компания мұнайдың коммерциялық қорларын бағалай отырып, барлауды және Қазақстан Республикасы Атырау облысы Жылыой ауданының аумағында орналасқан көп қабатты Айранкөл мұнай кен орнын сынамалы пайдалануды аяқтады.
Тексеру қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталды. Инспекторлар анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым жасап, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 298-бабының бірінші бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады.