2021 жылғы 21 қыркүйекте ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі – Департамент) басшысы Жұмабаев Байкен Есқанұлының төрағалығымен «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның Болат және Көмір департаментінің қауіпті өндірістік объектілерінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың егжей-тегжейлі жоспарын талқылау бойынша техникалық кеңес өткізілді.
Техникалық кеңеске қатысты:
- ҚР ТЖМ ӨҚК Қарағанды облысы бойынша департаментінен: департамент басшысының орынбасары, көмір және металлургия салаларының кәсіпорындарына жетекшілік ететін бөлімдердің басшылары мен мамандары (Жүнісов М.А. – Департамент басшысының орынбасары, Ли С.И. - № 1 көмір өнеркәсібіндегі мемлекеттік қадағалау бөлімінің басшысы; Маркарянц В.С. - № 2 көмір өнеркәсібіндегі мемлекеттік қадағалау бөлімінің басшысы; Маусымбаев И.Е. – № 4 көмір өнеркәсібіндегі мемлекеттік қадағалау бөлімінің басшысы; Абсалямов Р.Б. – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау бөлімінің (Теміртау қаласы) басшысы; Брагин С.М. – № 4 көмір өнеркәсібіндегі мемлекеттік қадағалау бөлімінің бас маманы);
- «АрселорМиттал Темиртау» АҚ-ның басшылығы (Биджу Наир – Бас директор; Винай Тивари – Бас техникалық директор; Абенов А.Б. – Атқарушы директор; Джелсон Батиста – Көмір және темір кені департаменттерінің атқарушы директоры; Яблонский В.И. – Болат департаментінің өндіріс жөніндегі директоры; Черномаз А.И. – Көмір департаментінің директоры.
Кеңес барысында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ басшылығымен «АМТ» АҚ негізгі және қосалқы өндірістерін жаңғырту және қайта құру бойынша 2021-2025 жылдарға арналған инвестициялар жоспары ұсынылды.
Бірлескен талқылаулар нәтижесінде 2022-2025 жылдарға арналған кәсіпорынның қолданыстағы негізгі және қосалқы өндірістерін жаңғыртуға, реконструкциялауға және жаңаларын салуға жоспарланған инвестициялық шығындарды ескере отырып, Болат және Көмір департаменттерінің өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарына ұсыныстар мен ұсынымдар белгіленді.