
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды департаментінің инспекторлары "Central Asia Cement"АҚ қауіпті өндірістік объектілеріне тексеру жүргізді.
Тексеру объектісі қауіпті өндірістік объектілер және цехтардағы техникалық құрылғылар болды: компрессорлық цех, көлік цехы, №1 және 2 Цементті ұнтақтау, зертхана, цементті буып-түю және жөнелту.
Тексеру қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталды. Инспекторлар анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым жасап, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 298-бабының бірінші бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады.