Мұнай-газ секторындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелерін талқылау жөніндегі кеңес

Мұнай-газ секторындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелерін талқылау жөніндегі кеңес

Ағымдағы жылдың 27 қыркүйегінде мұнай-газ секторындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелерін талқылау бойынша кеңес өтті, оған ҚР ТЖМ вице - министрі М.М. Күлдіков, ҚР ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Төрағасы Н.К. Мақажанов, Бас директордың орынбасары - "Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б. В." жабық үлгідегі акционерлік қоғамының өндіріс жөніндегі директоры Адам Лоумасс және басқа да өкілдер қатысты.

Осы кеңес барысында компанияның қауіпті өндірістік объектілерінің өнеркәсіптік қауіпсіздігінің жай-күйі және тәуекел факторларын ескере отырып, техникалық куәландыруды жүргізу әдістемесін қолдану жөніндегі елдердің халықаралық тәжірибесі мәселелері қаралды.

Кеңеске қатысушылар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында қауіпсіздік өнеркәсібінің талаптарын сақтауға қатысты пікір алмасты.

Кеңес соңында ҚР ТЖМ вице-министрі М.М. Күлдіков біздің азаматтарымыздың өнеркәсіптік кәсіпорындардағы, әсіресе мұнай-газ саласы кәсіпорындарындағы қауіпсіздігі бірінші кезектегі міндет болып табылатынын, ол осы салада қабылданған барлық нормативтік құқықтық актілерге толық сәйкес келуі тиіс екенін атап өтті.