
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды департаментінің инспекторлары "ҚазТрансОйл" АҚ-ның қауіпті өндірістік объектілеріне тексеру жүргізді.
Тексеру барысында "Павлодар-Шымкент" магистральдық мұнай құбырының 291,165 км – 681 км желілік бөлігі, "Атасу" бас мұнай айдау станциясы, "Трудовое" авариялық-қалпына келтіру пункті тексерілді.
Тексеру қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталды. Инспекторлар анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым жасап, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 298-бабының бірінші бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады.