2021 жылы 16 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі Мереке Пішембаев Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында газбен жабдықтауды қауіпсіз пайдалану, газ тұтынатын жүйелер мен газ жабдықтары талаптарын сақтау мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Мереке Пішембаев кездесуге қатысушылардың назарын газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік реттеудің маңызды принциптерінің бірі газбен жабдықтаудың қауіпсіздігі мен сенімділігі екендігіне аударды.
Кездесу барысында ҚР ТЖМ ӨҚК Солтүстік Қазақстан бойынша департаментінің басшысы, ҚР ТЖМ ТЖД бастығы, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысының м.а., «Райгаз» ЖШС директорының баяндамалары тыңдалды.
Кездесу қорытындысы бойынша халықтың өмірі мен денсаулығына төнетін қауіпті азайту мақсатында ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министрі бірқатар тапсырмалар берді.