Нұр-сұлтан қаласының мамандандырылған лифт ұйымдарының өзекті мәселелерін талқылау

Нұр-сұлтан қаласының мамандандырылған лифт ұйымдарының өзекті мәселелерін талқылау

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Нұр-сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы қаланың мамандандырылған лифт ұйымдарының басшыларымен кездесу өткізді, оның барысында лифт ұйымдарының қызметкерлерін оқыту, қауіпті техникалық құрылғылар (лифтілер) бойынша кәсіби стандарттар мен біліктілік талаптарын қолдану бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, кездесу барысында Департамент басшысы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында аттестатталатын жұмыс түрлерін жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Өткізілген кездесу қорытындысы бойынша лифт компаниялары қауымдастығы ашық диалог пен түсіндіру жұмыстары үшін өз алғысын білдірді.