
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Маңғыстау департаментінің инспекторлары "Эврика Олеум" ЖШС қауіпті өндірістік объектілеріне тексеру жүргізді.
"Эврика Олеум" ЖШС негізгі қызметі мұнайды барлау және өндіру болып табылады. Компания 2015 жылдан бастап Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында орналасқан Құлтық учаскесінде мұнайды барлау және өндіруді жүргізуге арналған лицензияның жүз пайыздық меншік иесі болып табылады.
Тексеру қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптарын 7 бұзушылық анықталды. Инспекторлар анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым жасап, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 298-бабының бірінші бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады.