Мемлекеттік инспектордың жүк көтергіш механизмдерді техникалық куәландыруға, монтаждаудан кейін, пайдалануға беру алдында қатысуы

Мемлекеттік инспектордың жүк көтергіш механизмдерді техникалық куәландыруға, монтаждаудан кейін, пайдалануға беру алдында қатысуы

"Азаматтық қорғау туралы" Заңның 16-бабына сәйкес қауіпті өндірістік объектілері бар және (немесе) олардағы жұмыстарға тартылатын ұйымдар: қауіпті өндірістік объектіні пайдалануға берген кезде мемлекеттік инспектордың қатысуымен қабылдау сынақтарын, техникалық куәландыруды жүргізуге міндетті.

Заңның 39-бабы 3-тармағының 6) тармақшасына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары болып табылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар жатады.

Мемлекеттік инспектордың жүк көтергіш механизмдерді техникалық куәландыруға, монтаждаудан кейін, пайдалануға беру алдында барлық салынған объектінің паспортын алғанға дейін қатысуы міндетті.